Әке, Ханторыны құтқаршы: үш жасар Бейбарысқа депутат ағылшын тұқымды тұлпар сыйлады
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Екпетал ауылының ұш жасар тұрғыны Бейбарыстың «Ханторы» есімді тұлпары суға кетіп, бүлдіршін әкесінен жылқысын құтқаруды сұраған, жақында Бейбарысқа депутат бәйге атын сыйлады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ал Ханторы жалпы алты рет бәйгеде жүлделі келген тұлпар. Соңғы рет 22 наурызда бәйгеге шауып, 130 мың теңгені қанжығалаған. Ал әкесінен тұлпарын құтқаруды шырылдап сұраған Бейбарыс үш жаста ғана.
Жақында бүлдіршінге парламент мәжілісінің депутаты Қазыбек Әлішев ағылшын тұқымды тұлпар сыйлады.
Бейбарыс балақайдың жанайқайын әлеуметтік желіден естіп, жанымды қоярға жер таппадым. Немересін айтып жылап тұрған атаның жағдайы меніңше, ешбір қазақты бей-жай қалдырмайды. Ат мінгізіп, атымды шығарайын деген ойым жоқ, бар қазақ сондай жақсылық жасар еді.Белі қатпаған балаға осындай қиыншылықтарда демеу болсын, болашақта еліміздің бетке ұстар азаматы болсын, тұлпар мінген батыр болсын деп сыйлық жасағаным бар.Тұлпарды қазір апарып берейін десем, Бейбарыстың үйі, баспанасы суға кетіп қалды. Үй берілісімен Қызыл парспорты бар ағылшын тұқымды бәйге атын қазығына апарып байлап беремін, - Қазыбек Әлішев.