logo

Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Гран-при кезеңінде үш медаль жеңіп алды

Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Гран-при кезеңінде үш медаль жеңіп алды

Францияның Тье қаласында көркем гимнастикадан Гран-при кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстан гимнастика федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық Айбота Ертайқызы аталған жарыста екі күміс, бір қола жүлдеге ие болды.

Қазақстандық гимнаст шығыршықпен жаттығудан 32.7 ұпай жинап, күміс медальға қол жеткізді. Сондай-ақ доппен жаттығудан (32.4 балл) үздік үштікті түйіндеді. Айбота сонымен қатар таспамен жаттығу финалында екінші орыннан көрінді.