Әділбек Жақсыбеков 70 жасқа толды!
Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков 70 жасқа толды.
Әділбек Рыскелдіұлы қазақстандық футболдың дамуына зор үлес қосты. Оның басшылығы кезінде қазақстандық футбол дамуда сапалы қадам жасады, өйткені осы кезеңде «Астана» және қарағандылық «Шахтер» футбол клубтары отандық футбол тарихында тұңғыш рет беделді еуропалық турнирлердің іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, топтық кезеңде бүкіл Еуропаға өздерін қазақ футболын жарнамалады.
2014 жылғы 27 наурызда Жақсыбековтың басшылығымен Астанада УЕФА-ның XXXVIII кезекті Конгресі өтті. Қазақстан ТМД-да осындай ірі халықаралық футбол форумын қабылдау құқығын алған алғашқы мемлекет атанды. Конгрессте еуропалық ұлттық қауымдастықтардың басшылары УЕФА Ұлттар Лигасы жаңа турнирін құру идеясын бірауыздан қолдады.
Сол жылы ФИФА президенті Йозеф Блаттер Әділбек Жақсыбековке Қазақстандағы футболды дамытуға сіңірген еңбегі үшін ФИФА медалін табыстап, бірлескен жемісті жұмысы үшін алғыс білдірді.
Sport Plus Qazaqstan Әділбек Рыскелдіұлын осы мерейтойымен құттықтай отыра, зор денсаулық, сергектік және ұзақ өмір тілейді.