logo

Әділбек Мусин әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Әділбек Мусин әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Катардың астанасы Дохада су спортынан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ол алғашқы іріктеу сатысында 51:75 есебімен 4-орынға қол жеткізді. Осылайша жарысқа қатысқан 66 спортшының арасынан жартылай финалға өткен үздік 16 ателттің қатарына ілінді. 

Сондай-ақ бүгін әйелдер арасында қазақстандық Ксения Игнатова 200 метрге арқамен жүзуден іріктеу кезеңінде 2:14,22 нәтижемен 32 спортшының арасынан 19-орынға ие болып, жартылай финалдан тыс қалды. 

Ереже бойынша жартылай финалға алғашқы іріктеу сынында үздік 16 спортшының қатарына енген жүзгіштер ғана өтеді.

Айта кетейік, аталған әлем біріншілігі 18 ақпан күні мәресіне жетеді.