logo

Әйгілі футболшы Роналдиньо Елена Рыбакинаның матчын тамашалады

Әйгілі футболшы Роналдиньо Елена Рыбакинаның матчын тамашалады

Футболдан Бразилия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Роналдиньо Қатарда өтіп жатқан WTA турнирінің арнайы қонағы болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қатардың Доха қаласында теннистен WTA турнирі өтті. Аталмыш жарыста қазақстандық теннисші Елена Рыбакина да бақ сынады.

Отандасымыз ширек финалда канадалық теннисші Фернандесті 0:2 (4:6, 2:6) есебімен жеңіп, жартылай кезеңге жолдама алды.

Тартысты ойынды тамашалауға «Барселона» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Роналдиньо да келді. 



Күн шежіресі