Аделина Земс — XXXV Qosanov Memorial турнирінің жеңімпазы!

Аделина Земс — XXXV Qosanov Memorial турнирінің жеңімпазы!

Шымкентте өтіп жатқан XXXV Qosanov Memorial World Athletics Continental Tour Bronze Level халықаралық турнирінде Аделина Земс 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде бірінші орын алды.

Отандасымыз финалдық сында мәреге 55.69 секундта жетіп, Qosanov Memorial турнирінің жеңімпазы атанды.

Аталған дисциплинада жүлделі үш орынды да Қазақстан спортшылары иеленді.

1. Аделина Земс — Қазақстан — 55.69
2. Анастасия Колода — Қазақстан — 59.66
3. Екатерина Колода — Қазақстан — 1:00.30

Айта кетейік, турнир Қажымұқан стадионында 1 шілдеге дейін жалғасады. Жарыс World Athletics Continental Tour Bronze Level күнтізбесіне енген.