logo

Абиба Абужақынова Португалиядағы Гран-приде қола жүлдегер атанды

Абиба Абужақынова Португалиядағы Гран-приде қола жүлдегер атанды

Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Одивелаштағы (Португалия) Гран-Приде қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қола үшін шайқаста оған Түркиядан келген Сила Ерсин қарсы тұрды. Татамиде Абужақынова басымдыққа ие болып, жеңіске жетті. Оның қарсыласы үш ескерту алып, мерзімінен бұрын жеңіліске ұшырады.

Абиба Абужақынова Қазақстан атынан 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Португалдық Одивелаштағы жарыс биылғы Халықаралық дзюдо күнтізбесінде бірінші болып табылады. Оған 90 елден 624 татами шебері қатысуда.



Күн шежіресі