logo

4 сәуір – қазақ спорт тарихында үш бірдей Олимпиада чемпионының туған күні

4 сәуір – қазақ спорт тарихында  үш бірдей Олимпиада чемпионының туған күні

Cәуір айы – қазақ спортшылары үшін чемпиондар айы, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Василий Жиров

1974 жылы 4 сәуірде Балқаш қаласында дүниеге келген. Кәсіпқой боксшы, Олимпиада ойындарының чемпионы, ,окспен 12 жасынан бастап айналыса бастаған. Алғашқы бапкері – В.И. Апачинский.

Ол 1996, Атланта, АҚШ-та өткен Олимпиада ойындарының чемпионы. Сонымен қатар Олимпия ойындарында ең үздік боксшыға берілетін В.Баркер кубогінің иегері.

Бекзат Саттарханов

1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында өмірге келді. Ол – үйдің кенжесі. Әкесі – Сейілхан, анасы - Сырлыкүл. Әлемді мойындатқан боксшының Бағдат, Болат, Мақсат есімді ағалары бар.

Бекзат Саттарханов – Сидней Олимпиадасының чемпионы.

Дмитрий Баландин

1995 жылы 4 сәуір күні Алматыда дүниеге келген. Ол Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен XXXI Олимпиада ойындарында 200 метрге брасспен жүзуден Қазақстанға тұңғыш алтын медаль сыйлаған спортшы.



Күн шежіресі