3-4 ай араластық: Илья Ильин әнші Зарина Омаровамен махаббат хикаясының болғанын растады
Спортшының айтуынша, эстрада жұлдызы Зарина Омароваға ғашық болған көрінеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Зарина – менің алғашқы махаббатым. Біз екеуміз пойызда таныстық. Бір топ спортшымен кетіп бара жатқанбыз, жаспыз, бәріміздің жалындап тұрған кезіміз. Заринаның нөмірін алып үлгердім, сөйтіп екі жаққа кеттік.
Досыма «Мына қыз маған ұнап қалған сияқты» дедім. Ол жарқырап тұрған жұлдыз ғой. Танымал әнші. Бірер күннен кейін оған телефон соқтым. Жағдайын сұрадым, кездесуге шақырдым. Ол келісіп, кездесуге келді. Солай басталды бәрі.
Оның жеке көлігі болатын. Менің баратын жерім – жаттығу залы, жатақхана. Үш-төрт ай араластық қой деймін. Ол жауапсыз махаббат болды. Менің алғашқы ғашығым болған соң қатты уайымдадым. Кейін күресуден пайда таппасымды біліп, өз жөніме кеттім», – деп жан сырын ақтарды спортшы.