logo

21 жастағы спортшы қыз жарыс кезінде аттан құлап, комаға түсті

21 жастағы спортшы қыз жарыс кезінде аттан құлап, комаға түсті

Жаңа Зеландия өкілі Келси Хэннэн Австралиядағы жарыс кезінде аттан құлап, ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Спортшы қыз жарысты аяқтауға жақындағанда басқа атпен соқтығысқан жануар үстіндегі шабандозды тоқымнан лақтырып жіберген. 

Жерге құлаған Хэннэн мойнынан ауыр жарақат алды. Оны Аделаидадағы корольдік ауруханаға жеткізген. 

Дәрігерлер 21 жастағы спортшының медикаментозды комаға түскенін мәлімдеді.