13 жасар Снежана Кашкарова ауыр атлетикадан сенсация жасады

13 жасар Снежана Кашкарова ауыр атлетикадан сенсация жасады

Талдықорғанда ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport +.

Бәсекеге 17 өңірден 212 спортшы (136 ер адам, 76 әйел адам) жиналды. Павлодар, Маңғыстау және Атырау облыстарының спортшылары жоқ. Бүгін ашылу салтанаты өтіп, алғашқы медальдар сарапқа салынды.

Бірінші күннің нәтижелері:

Әйелдер (45 кг)

1. Снежана Қашқарова (Жетісу облысы) - 128 кг (57+71)

2. Ирина Чумак (Қостанай облысы) - 105 кг (45+60)

3. Ясмин Жұматаева (Абай обл.) - 94 кг (42+52)

Әйелдер (49 кг)

1. Айнұр Әбдіқалықова (Жамбыл облысы) - 143 кг (63+80)

2. Нұрсезім Абатқызы (Ұлытау облысы) - 137 кг (60+77)

3. Виктория Мурашкина (Қостанай облысы) - 120 кг (50 + 70)

Ерлер (55 кг)

1. Анатолий Грубов (Жетісу облысы) - 229 кг (110+119)

2. Нұрбол Ешімбеков (Қарағанды облысы) - 218 кг (95+123)

3. Данил Корчагин (Ақмола облысы) - 212 кг (96+116)



Күн шежіресі