logo

Кирилл Кекер: РПЛ клубтары «Қайраттың» ойыншыларына назар аударуы қажет

Кирилл Кекер: РПЛ клубтары «Қайраттың» ойыншыларына назар аударуы қажет

«Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер командасында Ресей Премьер-Лигасының клубтарына назар аударатын ойыншылар бар екенін айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. 

«Шақырғаныңыз үшін рахмет, біз үшін РПЛ клубтары деңгейінде өзімізді көрсету жақсы мүмкіндік. Өте қызықты болады. Сонымен қатар, менің ойымша, бұл біздің ойыншыларымызды барлығына көрсету үшін мүмкіндік, өйткені «Қайратта» РПЛ клубтарының назарын аударуға тұрарлық футболшылар бар», – деді Кекер.

Айта кетейік, «Қайрат» 2-14 ақпан аралығында өтетін РПЛ қысқы Кубогына қатысады.



Хроника дня