logo

Әлидар Өтемұратов қоры спорттық гранттар байқауының басталғанын хабарлайды

Әлидар Өтемұратов қоры спорттық гранттар байқауының басталғанын хабарлайды

Қазақстанда спорт клубтарын ашу және дамыту үшін гранттар алуға өтінімдерді қабылдау жарияланды. Осы бастаманы қатарынан төрт жыл бойы Әлидар Өтемұратовтың DAR Charity қоғамдық қоры іске асырып отыр.

Биыл қор басшылығы бағыттар санын 10-ға дейін кеңейту туралы шешім қабылдады. "Біз балалар мен жастар арасында бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын түсінеміз және DAR Charity қорының қолдауымен ашылған спорт клубтары жұмысының жақсы нәтижелерін көріп отырмыз. Бүгінгі таңда, осы клубтарда бүкіл Қазақстан бойынша 3150-ден астам бала спортпен шұғылданады. Қор жұмысы барысында Астана, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Хромтау, Ақтау және Қызылорда қалаларының 19 спорт кәсіпкері бизнесті дамытуға арналған гранттық қаржыландыру иегерлері атанды. Биыл біз өзге сала өкілдеріне қолдау көрсеткіміз келеді, секцияларды ашу өтінімдері жекпе-жек өнерімен қатар, басқа да бағыттарда қабылданады”, - дейді қор құрылтайшысы Әлидар Өтемұратов.

6 миллион теңге көлеміндегі гранттарды шахмат, гимнастика, триатлон (жүзу, жүгіру, велоспорт), робототехника, қыш өнері, армрестлинг, семсерлесу, оқ ату, киберспорт және үстел теннисі бойынша спорт клубтарының өкілдері қол жеткізе алады.

Конкурсқа қатысу өтінімдерін қабылдау 11 наурыздан басталып,10 сәуірді қоса алғанда жалғасады. Шарттармен танысып, қатысу үшін құжаттарды жіберуге келесі сілтеме бойынша болады: https://dar.io/grants.

Жеңімпаздар 27 сәуірде жарияланады.



Хроника дня