logo

Жозе Моуринью Түркия чемпионатында есе қайтарды

Жозе Моуринью Түркия чемпионатында есе қайтарды

«Фенербахче» клубының португалдық бапкері Жозе Моуринью «Бешікташпен» өткен дербидегі жеңілістен кейін жанкүйерлер мен түрік баспасөзінің қатаң сынына ұшырады, деп хабарлайды Sport+.

Алайда келесі турдағы жаңа дербиде команда жеңіске жетті. Бұл жолы «Башакшехир» Моуриньюдің ашуына тап болды. Матч 4:1 есебімен аяқталды.

«Фенербахче» сапынан Молдюр, Шкриньяр, Эн-Несири мен Айдын гол соқты. Ал алаң иелерінен жалғыз голдың авторы — Беяз.