Жоржиньо: мұндай қарсыластарды жеңу қаншалықты қиын екенін білеміз

Португалиялық «Қайрат» шабуылшысы Жоржиньо Шотландияның «Селтигіне» қарсы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі сырт алаңдағы ойыннан алған әсерін бөлісті, деп хабарлайды Sport+.
— Бүгінгі жасаған ісімізге ризамын. Біз жеңген жоқпыз, бірақ мұндай ойындарды жеңу қаншалықты қиын екенін білеміз. Сол себепті алаңда бүгін қалай ойнағанымызға, қалай еңбек еткенімізге жоғары баға беремін. Кей сәттерде допқа көбірек иелік етуімізге болатын еді. Бірақ шынымен де бүгінгі ойынымызды мақтан тұтамын.
— Стадион, жанкүйерлер жайлы не айта аласыз? Мұндай стадионға қарсы ойнау қиын болды ма?
— Жоқ, мұндай стадионда ойнағанда тек ләззат алып, басқа ештеңе туралы ойламау қажет. Тек рахаттану. Атмосфера керемет болды. Бұл нағыз менің өмірде қалайтын нәрсем. Әр демалыс сайын осындай стадиондарда ойнағым келеді. Матч ерекше әсер қалдырды.
— Өз жанкүйерлеріңіздің алдында ойнау оңайырақ бола ма?
— Үміттенемін (күліп). Жоқ, оңайырақ болмайды. Бүгінгідей-ақ ауыр болады. Бірақ бізге өз қалпымызға келіп, келесі ойынға дайындалу қажет.