Жібек Құламбаева Висбадендегі турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Латвиядан келген Дарья Семинистамен жұптасып, Германияның Висбаден қаласында өткен ITF W100 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық-латыш дуэт финалда чехиялық Джесика Малечкова мен Мириам Скоштан құралған жұпты 4:6, 6:3, 11:9 есебімен жеңді.
Бұл Жібек үшін W100 сериясындағы екінші жеңісті турнир. Сәуір айының ортасында ол италиялық Фосса Уэргомен жұптасып, Мадридтегі турнирде де жеңімпаз атанған еді.