Жібек Құламбаева теннистен Нидерландтағы турнирдің 1/4 финалына өтті
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Амстелвенде (Нидерланд) өтіп жатқан ITF W35 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз жұптық сайыста бельгиялық Полина Бахмуткинамен бірге өнер көрсетуде.
Ширек финалға шығу үшін өткен матчта қазақстандық-бельгиялық жұп Габриэла Вилар (АҚШ)/Вероника Фальковская (Польша) жұбын 6:3, 6:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, қазақстандық-бельгиялық жұп жартылай финалға шығу үшін нидерландтық Джой де Зееув/Антония Стояновпен таласады.