Қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова оңтүстіккореялық Со Ён Чоймен бірге Тунисте өткен W15 санатындағы турнирдің жұптық сынында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.

Финалдық кездесуде қазақстандық-кореялық жұп франциялық Илижан Инесан мен чехиялық Тереза Крейчованы 3:6, 6:4, 11:9 есебімен жеңіп, чемпиондық атақты иеленді.