Жібек Құламбаева Қазақстан чемпионатының финалына жолдама алды (видео)

Астанада өтіп жатқан Қазақстан Республикасының жазғы теннис чемпионатында қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева финалға шықты, деп хабарлайды Sport+.
Чемпионаттың алтын жүлдесін бірінші ракетка Жібек Құламбаева мен Аружан Сағандықова сарапқа салады.
Аружан жартылай финалда Полина Слепцовадан 6:3, 6:2 есебімен басым түссе, Жібек Інкәр Дүйсебайды 6:1, 6:3 есебімен жеңді.