logo

«Жетісу» «Мальме» командасының бұрынғы шабуылшысымен келісімшартқа отырды

«Жетісу» «Мальме» командасының бұрынғы шабуылшысымен келісімшартқа отырды

Талдықорғандық «Жетісу» клубы Сьерра-Леоненың 30 жастағы шабуылшы Мохамед Буя Тураймен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 жастағы форвардтың халықаралық тәжірибесі мол — бұған дейін ол Швеция, Бельгия және Қытай чемпионаттарында өнер көрсеткен. Турайдың соңғы клубы — Непалдың «Катманду RayZRs» командасы болды.



Күн шежіресі