«Жетісу» сәтсіз сериясын тоқтата ала ма? «Жетісу» — «Қызылжар» матчының тікелей эфирі
Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры аясында «Жетісу» өз алаңында «Қызылжарды» қабылдайды. Петропавлдық клуб Талдықорғанда 2020 жылдан бері жеңіліп көрген жоқ.
Бұл кездесуге Қайрат Нұрдәулетовтің шәкірттері қатарынан үш жеңілістен кейін келіп отыр. Ал «Қызылжар» соңғы рет 28 мамыр күні дәл осы «Жетісуды» Петропавлда жеңгеннен бері жеңіске жете алмай келеді.
Матч сағат 18:00–де басталады.
Кездесудің тікелей трансляциясын Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тамашалай аласыз.