logo

«Жеңіс» тағы бір ойыншымен келісімшартын ұзартты

«Жеңіс» тағы бір ойыншымен келісімшартын ұзартты

Елордалық «Жеңіс» 24 жастағы қазақстандық қорғаушы Сағи Советпен келісімшартын 2025 жылдың соңына дейін ұзартқанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Совет «сары-қараларға» 2024 жылдың басында қосылған. Ол «Астана» футбол мектебінің түлегі болып табылады.

«Жеңіс» сапында қорғаушы 26 матч өткізіп, 2 нәтижелі пас берген.