logo

«Жеңіс» құрамын Қазақстан құрамасының футболшысымен толықтырды

«Жеңіс» құрамын Қазақстан құрамасының футболшысымен толықтырды

Елордалық «Жеңіс» клубы 33 жастағы қазақстандық қорғаушы Марат Быстровпен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марат Быстров кәсіби мансабын ресейлік «Магнитогорск» клубында бастады. Кейін «Челябинск», «Тамбов» және «Ахмат» командаларында өнер көрсетті. Қазақстанда «Тобыл», «Ордабасы» және «Астана» клубтарының намысын қорғады. Оның еншісінде Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында 36 матч бар.

Қазақстан Премьер-лигасында жалпы 60 ойын өткізіп, 1 гол соқты.



Күн шежіресі