«Жеңіс» қақпашысы Лобанцев Ресейге оралу туралы: «Локомотивте» ойнау — бала арманым
«Жеңіс» қақпашысы Мирослав Лобанцев Ресейге қайта оралу мүмкіндігі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.
«Ресейден нақты ұсыныстар түспеді. Көпшілік менің Қазақстанға бейімделіп қалғанымды ойлап, байланысқа шықпайды. Егер «Локомотив» шақырса, мен үшін бұл үлкен мәртебе болар еді. Ол менің туған клубым, бала кезден армандадым. Бірақ мұндай шешімдер ұсыныс түскенде қабылданады», — деді Лобанцев.
Айта кетейік, Лобанцев — мәскеулік «Локомотивтің» түлегі. Ол бұл клубта 102 матч өткізіп, оның 29-ын құрғақ есеппен аяқтады.