«Жеңіс» бразилиялық футболшымен келісімшарт жасасты
Астаналық «Жеңіс» 32 жастағы бразилиялық шабуылшы Адилио Сантоспен келісімшарттың ұзартылғанын мәлемдеді, деп хабарлайды Sport+.
Бразилиялық футболшымен жасалған келісім 2026 жылдың соңына дейін ұзартылды.
Адилио «Жеңіс» сапына 2024 жылдың жазында қосылған. Осы уақыт ішінде ол елордалық клуб құрамында 45 матч өткізіп, 9 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.