logo

«Женис» африкалық қақпашымен келісімшарт жасасты

«Женис» африкалық қақпашымен келісімшарт жасасты

28 жастағы ганалық қақпашы Разак Абалора «Женис» футбол клубының қатарына қосылды, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Разак өз мансабын Ганадағы «Фейенорд» академиясының филиалында бастаған. Африка клубтарынан бөлек, Молдованың «Шериф» пен «Петрокуб», сондай-ақ Албанияның «Эльбасани» командаларында ойнаған.

Ол Гана құрамасында 4 матч өткізген.

Разак — Гана чемпионы, Молдованың 3 дүркін чемпионы және 3 мәрте Молдова кубогының иегері.

Қақпашы бүгінгі күні дебют жасауы мүмкін, оның командасы «Астанаға» қарсы дерби ойынын өткізеді.