Жексен әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты (видео)
 
                                            60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Бейбарыс Жексен 2025 жылғы World Boxing әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport+.
1/16 финалда оның қарсыласы — бұған дейін Қытай Тайбэйінен келген Лай Чу-Энді жеңген филиппиндік Жунмилардо Огайре болды.
Жексен бұл жекпе-жекте бірауыздан жеңіске жетті — есеп 5:0.
 
    