Зейнеп Баянова күрестен Азиадада қола медальға ие болды

Зейнеп Баянова күрестен Азиадада қола медальға ие болды

Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова әйелдер күресінен Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалдық бөлігінде бақ сынады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрымды балуанымыз 50 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен кездесуде Дипаншимен (Үндістан) күш сынасты.

Нәтижесінде Зейнеп 11:4 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Начын Куулар мен Едіге Қасымбек қола алған еді.