logo

Жаттығуда сальто жасамақ болған египеттік ойыншы жерге басымен құлады

Жаттығуда сальто жасамақ болған египеттік ойыншы жерге басымен құлады

Египет құрамасының жартылай қорғаушысы Эмам Ашур жаттығу кезінде сальто жасаймын деп, ауыр жарақат алды. Енді ол Африка кубогіне қатыса алмайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

25 жастағы ойыншы жаттығу кезінже акробатикалық элемент жасамақшы болған. Бірақ жерге басымен құлайды.

«Ол дереу ауруханаға жіберілді. Бас-ми жарақатын алған. Қазіргі жағдайы тұрақты», - делінген Египет құрамасының баспасөз хабарламасында.

Айта кетелік, команданың басты жұлдызы Мохаммед Салах та жарақатына байланысты құрамаға көмектесе алмайды. Ал Ашур бір ойын өткізіп үлгерген.