Жастар арасындағы әлем чемпионаты: қос балуан қола үшін күреседі
Испанияның Понтеведра қаласында күрес түрлерінен U20 әлем чемпионаты басталды. Алғашқы күні грек-рим күресінің балуандары боз кілемге шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
55 келі салмақ дәрежесінде Айбек Айтбеков Испания және Грузия балуандарын таза жеңді, алайда жартылай финалда америкалық спортшыға есе жіберді. Бүгін Айбек әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі.
Темірлан Тұрдақын Түркия мен Жапониядан басым түсті, бірақ жартылай финалда Әзірбайжанға жол берді. Енді ол 87 келідегі үшінші орын үшін таласады.
Бағдат Сабаз (63 келі) бен Диас Сейітқалиев (77 келі) алғашқы айналымдарда жеңілді.