Жасөспірімдер жарысқа кіріседі. Уимблдондағы Омарханов – Белозерцев матчының тікелей эфирі

6 шілдеде Лондонда Уимблдон турнирі аясында жасөспірімдер жарысы басталады.
Өкінішке қарай, Дамир Жалғасбай іріктеу кезеңінен өте алмай, негізгі торда тек Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлы қалды.
Қазіргі таңда Әмір ITF рейтингінде әлемнің үздік жасөспірімдері арасында 18-орында тұр. Сонымен қатар, ол ересектер арасындағы АТР рейтингінде ТОП-1000 қатарына енген (909-орын), ересектер турнирлерінде екінші жыл қатарынан өнер көрсетуде.
Уимблдондағы Әмірдің алғашқы қарсыласы — 17 жастағы украиналық Никита Белозерцев. Ол жасөспірімдер рейтингінде 20-орында, ал АТР рейтингінде — 1519-орында.
Қазақстан мен Украинаның алғашқы ракеткалары арасындағы матчтың болжамды басталу уақыты — 18:00. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.