Жас дзюдошылар алты медаль еншіледі
Оңтүстік Кореяның Мунген қаласында дзюдодан кадеттер арасындағы Азия біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Қазақстандық балуандар алты медальға қол жеткізді.
Алғашқы жарыс күнінде ел қоржынына бір алтын және бес қола медаль түсті.
55 келідегі Сейітжан Мамытов Азия чемпионы атанса, Алтынбек Қонысбай, Ульяна Пряхина, Сымбат Тағай, Кира Хегай және Жанайым Маратбек жарысты үшінші орынмен аяқтады.