Жаралы арыстан Измирге аттанады: «Гезтепе» — «Галатасарай» матчының трансляциясы

Жаралы арыстан Измирге аттанады: «Гезтепе» — «Галатасарай» матчының трансляциясы

«Галатасарай» барлық турнирлерді есепке алғанда қатарынан екі матчта жеңіліс тапты, мұндай жағдай оларда сирек кездеседі. Осылайша «арыстандар» «Гезтепеге» қонаққа жаралы, әрі екі есе қауіпті қарсылас ретінде барады.

Әрине, Станимир Стоиловтың шәкірттері чемпионның сәтсіз сериясын жалғастыруға ниетті. Сонымен қатар Измир клубы да өз турнирлік міндеттерін шешуде — еурокубок жолдамасын беретін алғашқы төрттікке кіруге мүмкіндік бар. Егер «Галатасарайды» жеңсе, алаң иелері өз мақсаттарына айтарлықтай жақындай түседі.

«Гезтепе» — «Галатасарай» матчы 8 сәуір күні сағат 22:00–де өтеді.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі