Жансерік Жақсығұлұлы: Бұл ойында деңгейлер бар, Садықов тек қолдарымен жұмыс істейді
NAIZA лигасының чемпионы Жансерік Жақсығұлұлы Sport+ сайтына берген сұхбатында өзінің болашақ қарсыласы Мири Садықов мансабындағы ең қиын қарсылас болатыны туралы пікір білдірді:
«Мири мен үшін ең қиын сынақ болады деген пікірмен келіспеймін. Мансабымда соққы техникасы мықты қарсыластар болды, тәжірибем аз кездің өзінде оларды жеңіп шықтым. Бүгінде шеберлік деңгейім айтарлықтай жоғары.
Егер NAIZA лигасындағы үш жекпе-жегімді алатын болсақ, Майк Линарес пен Мейербек Есказиев шынымен де оңай қарсыластар болған жоқ. Бұл ойында деңгейлер бар. Мири тек қолдарымен жұмыс істейді. Бойы менен аласа, сондықтан маған жете алмайды. Күресте мәселелері бар және кардиосы әлсіз — ол ең көп дегенде бір-екі раундқа жететін файтер. Біз оның Наби Ашурлаевпен жекпе-жегін егжей-тегжейлі талдадық. Антропометриялық ерекшеліктерім, бақылау, шынтақ пен тіземен жұмыс, сондай-ақ күрес тәсілдері арқылы мен ол үшін өте ыңғайсыз қарсылас боламын. Ол мені бір соққымен ұстап алуға тырысады, бірақ кейін демі таусылып, шаршайды. 19 қыркүйек — and still!» — деді жауынгер.
Жекпе-жек Алматыда өтетін NAIZA турнирінің басты оқиғасы болады. Турнирдің тікелей трансляциясы 19 қыркүйекте Sport+ телеарнасында қолжетімді болады.