logo

Жанкүйерлер Қазақстан-Түркіменстан ойынын көре алмайды

Жанкүйерлер Қазақстан-Түркіменстан ойынын көре алмайды

Екіжақты келісім нәтижесінде Қазақстан және Түркіменстан арасындағы жолдастық кездесу жабық өтеді, деп хабарлайды   Sport Plus Qazaqstan

Бұл матчтың негізгі мақсаты – Ұлттар Лигасы аясында өтетін Грекиямен маңызды ойын алдында тактикалық мәселелерді қарастыру.

Магомед Адиев шәкірттері Түркіменстанмен ойынға Қазақстан чемпионатын тыс жерде ойнайтын аяқдопшыларсыз шығады. Өйткені бұл матч FIFA терезесінен тыс өтеді. Жолдастық кездесу 14 наурызға жоспарланған.