logo

Жәмиля Бақбергенова Венгриядағы рейтингілік турнирдің жеңімпазы атанды

Жәмиля Бақбергенова Венгриядағы рейтингілік турнирдің жеңімпазы атанды

Әйелдер күресінен 72 келі салмақ дәрежесінде Будапештегі беделді бәсекеде Жәмиля Бақбергенова бес белдесу өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Айналмалы жүйемен өткен бұл сында ол Ноими Шабадос (Венгрия) 5:0, Паулин Лекапрентие (Франция) 4:1, Фанни Наги над (Сербия) 6:0, Ирина Заблоцкаядан (Украина) 2:1 есебімен басым түсті.  

Ал, ақтық бәсекеде Ноими Шабадостан (Венгрия) 12:11 есебімен тағы да айласын асырды.

Дәл осы салмақта Гүлмарал Еркебаева қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар, Диана Каюмова 59 келіде күміс медаль иегері.