Жамиля Бақбергенова Медведь турнирінде қарсылас шақ келтірмеді

Жамиля Бақбергенова Беларусьтегі еркін күрестен дәстүрлі турнир үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Медведь жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+
Минсктегі беделді бәсекеде Қазақстан балуаны 72 келі салмақ дәрежесінгде өнер көрсетіп, ақтық сында қырғызстандық Қайыргүл Шаршебаевадан басым түсті. Белдесу үлкен есеп айырмасымен 8:1 нәтижесімен аяқталды.
Бұған дейін ерлер құрамасы бір күміс және бір қола медаль еншілеген еді.