Жамиля Бакбергенова Албаниядағы рейтингілік турнирде жеңіске жетті

Ұлттық әйелдер күрес құрамасының көшбасшысы Жамиля Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өткен Мұхамет Мало рейтингілік турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Күрес федерациясына сілтеме жасап.
Жамиля Албанияда 72 келі салмақ дәрежесінде үш белдесу өткізіп, украиналық Алла Белинскаяны, америкалық Александрия Глаудты жеңді. Финалда Бакбергенова аргентиналық балуанды ұтып, алтын медальға қол жеткізді.
Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздыкова қола медаль иеленді.