logo

Жәмила Бақбергенова Тиранадағы әлем чемпионатында фавориттер тізіміне енді

Жәмила Бақбергенова Тиранадағы әлем чемпионатында фавориттер тізіміне енді

Тиранада күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өтетін әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова фавориттер тізіміне енді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Біріккен күрес әлемі әйелдер арасында 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жәмила Бақбергенова үздік спортшы ретінде атанып отыр. Оның бәсекелесі ретінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы, жапониялық Ами Исиидің есімі аталды.

Жәмила Бақбергенова 72 келіде 2021 және 2022 жылдары әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанса, 2023 жылы қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия біріншілігінің 3 дүркін чемпионы.

Сондай-ақ, Албанияда өтетін әлем чемпионатында еркін күрестен Олимпиада чемпиондары Дэвид Тейлор (АҚШ) мен Абдулрашид Садулаев (Ресей) 92 келіде басты фаворит ретінде финалда кездеседі деп күтіліп отыр.



Күн шежіресі