Зайнутдинов пен Стоилов командалары ұпайға таласады
24 қараша күні Бактиер Зайнутдинов өнер көрсететін «Бешикташ» өз алаңында Станимир Стоилов жетекшілік ететін «Гезтепемен ойнайды», деп хабарлайды Sport+
Зайнутдинов болгариялық маманның жаттықтыруымен «Астана», кейін Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ойнаған еді.
Қазіргі уақытта Бактиер «Бешикташтың» жаңа бас бапкері Джованни ван Бронхорстың көңілінен шыға алмай жүргендей. Ол Түркия Суперлигасы аясындағы ойындарының соңында ғана алаңға шыға алды.
«Гезтепе» болса чемпионат басталғалы елдің аузында. Измирлік клуб Суперлигаға қайта оралып, сенімді түрде 6 орынға келе жатыр. «Бешикташпен» арада бар болғаны 3 ұпай.
«Бешикташ» - «Гезтепе» ойыны 21:00де басталады. Тікелей эфир sportplustv.kz сайтында.