Зайнутдинов «Бешікташқа» Түркия Кубогында жеңіске жетуге көмектесті

«Бешікташ» Түркия Кубогының топтық кезеңі аясында сырт алаңда «Сивасспорға» қарсы матч өткізді, деп хабарлайды Sport+.
Матч 1:0 есебімен стамбұлдықтардың пайдасына аяқталды, жалғыз голдың авторы Рафа Силва болды.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов бастапқы құрамда алаңға шығып, алаңда толық уақыт өткізді.