Зайнутдинов «Аланьяспорға» қарсы матчта жарақатына байланысты ауыстырылды
Стамбұлдық «Бешікташ» және Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов 70-минутта ауыстырылды, деп хабарлайды Sport+.
Түрік Суперлигасының 17-турындағы «Аланьяспорға» қарсы өткен матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында «Бешікташтың» техникалық директоры Халим Окта қазақстандық футболшының жарақат алғанын мәлімдеді. Оның орнына алаңға Артур Масуаку шықты.
Зайнутдиновтың жарақаты туралы қосымша ақпарат берілген жоқ. Айта кетейік, Бахтиер бұл матчта негізгі құрамда ойынды бастаған еді.