logo

Ыстамбулдағы континентаралық дерби. «Бешікташ» – «Фенербахче» матчының тікелей эфирі

Ыстамбулдағы континентаралық дерби. «Бешікташ» – «Фенербахче» матчының тікелей эфирі

«Бешікташ» — «Фенербахче» матчы — бұл Ыстамбұлдың екі бөлігі арасындағы қарсыласу. «Фенербахче» Азия бөлігінде орналасқан болса, «Бешікташ» Еуропа жағында орналасқан. Сондықтан бұл дербидің спорттық маңызынан бөлек, ол ерекше құрлықаралық сипатқа да ие.

Биылғы маусымда екі стамбұлдық клуб та бас бапкерлерін ауыстырды — «Фенербахче» Жозе Моуриньоны, ал «Бешікташ» Оле Гуннар Сульшерді қызметінен босатты.

Алайда, «Фенер» бапкер ауысқаннан кейін нәтижесін жақсартса, «бүркіттер» («Бешікташ») әлі де тұрақтылық таба алмай келеді — команда бірде чемпионнан ұпай тартып алады, бірде өз алаңында «Генчлербирлиги» клубынан ұтылып қалады.

Бірақ дерби кезіндегі жігер әрқашан ерекше болады.

Өткен маусымда екі дербиде де жеңісті «Бешікташ» тойлаған, әрі екеуінде де есеп бірдей — 1:0 болған.

Жаңа қарсыласу 2 қараша күні сағат 22:00–де өтеді. Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі