Ыстамбұл дербиі «Фенербахче» – «Эюпспор» Sport+ эфирінде: тікелей эфир

Ыстамбұл дербиі «Фенербахче» – «Эюпспор» Sport+ эфирінде: тікелей эфир

Футболдан Түркия Суперлигасының 6-туры аясында Ыстамбұл дербиі — «Фенербахче» мен «Эюпспор» арасындағы матч өтеді.

«Фенербахче» әзірге тұрақты ойын өрнегімен мақтана алмайды — екі жеңіс, бір тең ойын және екі жеңіліс. Соның ішінде бітіспес қарсылас «Бешікташқа» қарсы матчта да ұтылды.

Ал «Эюпспордың» жағдайы одан да қиын — команда бес матчтың төртеуінде жеңіліп, турнир кестесінде 17-орында тұр.

Осылайша, Гринвуд, Мурики және олардың командаластары бұл дербиге фаворит мәртебесінде келеді. Алайда олар бұл мәртебені ақтай ала ма?

Оны 20 қыркүйек күні сағат 19:00–де білетін боламыз.

Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі