Ыдырыс Умаев маусым айында Қазақстан құрамасына шақырылу мүмкін
«Ақтөбе» шабуылшысы Ыдырыс Умаев осы жылдың маусым айында Армения мен Әзірбайжанға қарсы ойындарда Қазақстан құрамасында дебют жасауы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Шабуылшының қазақстан азаматтығын алу процесі аяқталуға жақын. Умаев Қазақстан құрамасының бапкерлер штабымен байланыста және жақын арадағы ойындарда команда құрамында дебют жасауы тиіс.
Умаевтың әкесі Талдықорғанда дүниеге келген, ал футболшының өзі Қазақстан чемпионатында ашылған. «Ақтөбеге» дейін ол «Шахтердің» намысын сәтті қорғап, «кеншілерге» Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде жақсы ойнауға көмектесті.
Ағымдағы маусымда грозныйлық «Ахматының» түлегі КПЛ 8 ойынында 4 гол соғып, 2 ассистент жасады.