logo

Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының шешуші матчтарының тікелей эфирі

Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының шешуші матчтарының тікелей эфирі

Павлодар қаласындағы «Jenimpaz» үстел теннисі орталығында 2007 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты басталды.

Жарыстың алғашқы күні құрамалар топтық кезеңде ойнап, ширек финалдық жұптарды анықтады. Ертең олар медальдар үшін күресті жалғастырады.

Ұлдар, ¼ финал:
Шығыс Қазақстан облысы — Қарағанды облысы
Қостанай облысы — Алматы
Павлодар облысы — Түркістан облысы
Астана — Шымкент

Қыздар, ¼ финал:
Қарағанды облысы — Шығыс Қазақстан облысы
Қостанай облысы — Астана
Шымкент — Павлодар облысы
Алматы — Түркістан облысы

Матчтардың тікелей трансляциясы sportplustv.kz сайтында, сондай-ақ sportplus_qaz YouTube арнасында қолжетімді.



Күн шежіресі