Үшінші орын үшін тартыс. «Ақтөбе» — «Оқжетпес» матчының тікелей трансляциясы

Үшінші орын үшін тартыс. «Ақтөбе» — «Оқжетпес» матчының тікелей трансляциясы

Жергілікті маман Ернар Жалбыров жаттықтыратын «Ақтөбе» өткен турда «Алтайды» жеңіп, енді көтеріңкі көңіл күймен өз алаңында «Оқжетпесті» қабылдауға дайындалуда.

«Көкшетаулықтар» да соңғы турда жеңіске жетіп, өз алаңында «Жетісуды» ұтқан болатын. Матчтан кейін бас бапкер Ренат Әлюетов команданың Ақтөбеге тек жеңіс үшін бара жатқанын мәлімдеді.

Қазіргі таңда турнир кестесінде екі команданы небәрі 2 ұпай ғана бөліп тұр. Егер «Ақтөбе» жеңіске жетсе, қонақтарды үшінші орыннан ығыстырады. Ал керісінше жағдайда, Әлюетов шәкірттері өз басымдығын арттыра түседі.

Матч 25 шілде күні сағат 20:00–де басталады.

Кездесудің тікелей трансляциясын Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тамашалай аласыз.



Күн шежіресі