Даурен Ермеков пен Фариддун Одилов 2023 жылы Хабибтің Eagle FC лигасының Атыраудағы турнирінде чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуы керек болған.
Алайда Фариддун салмақ өлшеуден өте алмай, кейін денсаулығына байланысты жекпе-жектен мүлде бас тартты.
Осыдан кейін Одилов лигадағы келісімшартын бұзып, UFC ұйымымен келісімге отырды. Ал Даурен NAIZA, «Наше Дело» жобаларында өнер көрсетіп, кейін ACA-ға жетті.
Осы уақыт бойы қос файтер сұхбаттар мен әлеуметтік желілерде бір-біріне шақыру тастап, түрлі өткір пікірлер айтып келді. Ал осы текетірестің шарықтау шегі дәл ACA 203 турнирі өтетін Ташкентте болды.
Ермеков — Одилов жекпе-жегі кештің қосалқы басты оқиғасына айналады. Ал басты айқаста Азам Гафоров пен Арен Акопян кездеседі.
Сонымен қатар, негізгі кардта қазақстандық лигаларда өнер көрсету тәжірибесі бар тағы бір файтер — Эдил Эсенгулов та шығады. Ол Ибрагим Магомедовпен жекпе-жек өткізеді.
Турнир 16:00–де басталады. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.
