Үш қазақстандық футбол клуб 2025 жылдың соңына дейін жекешелендіріледі
Қазақстан футбол федерациясы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасын орындауды жалғастыруда, деп хабарлайды Sport+.
4 қараша күні Астанада Премьер-Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен спорт инфрақұрылымын дамыту және бұқаралық спортты қолдау мәселелеріне арналған ҚР Үкіметінің отырысы өтті.
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лорияның айтуынша, 2025 жылдың қараша айының соңына дейін тағы үш клуб — «Шахтер» (Қарағанды), «Жеңіс» (Астана) және «ҚызылЖар СК» (Петропавл) — жеке меншікке беріледі. Тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 45 млрд теңгеден асады.
Сондай-ақ, «Елимай» (Семей) футбол клубы еуропалық клубтардың — «Реал Мадрид», «Барселона» және «Байер 04» үлгісі бойынша коммерциялық емес акционерлік қоғам (НАО) ретінде қайта құрылды. Жаңа модель аясында 100 млн акция шығарылып, бұл клуб басқаруының ашықтығын және оның тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.