«Ұлытауға» сырт алаңдағы ойындар қиын тиіп жүр: «Ақтөбе» – «Ұлытау» матчының тікелей эфирі

«Ұлытауға» сырт алаңдағы ойындар қиын тиіп жүр: «Ақтөбе» – «Ұлытау» матчының тікелей эфирі

«Ақтөбе» Қазақстан чемпионатының 27-туры аясында өз алаңында «Ұлытауды» қабылдайды.

«Қызыл-ақтар» бұл матчта команданың жаңа ойыншысы Яни Атанасов пен Еркебұлан Сейдахметтің көмегіне жүгіне алмайды. Екі футболшы да төрт сары қағаздан жинап, жезқазғандықтарға қарсы кездесуді өткізіп алады. Дегенмен, «Ақтөбе» өз жанкүйерлерінің қолдауына толықтай сене алады.

Қазір «Ақтөбе» қатарынан екі жеңіске жетіп келеді. Команда соңғы матчтарында «Каспий» мен «Жеңісті» жеңді.

«Ұлытау» да бұл кездесуге шығынсыз жеткен жоқ — Артур Бугнон дисквалификацияға байланысты матчты өткізіп алады. Оның үстіне, Нұркен Мазбаев шәкірттерінің сырт алаңдағы статистикасы өте нашар: осы маусымда команда қонақта тек бір рет — Өскеменде «Алтайды» жеңген.

Қазір «Ұлытау» қатарынан екі матчта жеңіліп келеді. Осы кездесулерде Дмитрий Непогодовтың қақпасына алты гол соғылды.

Матч сағат 20:00–де басталады.

Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі